«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

«Байқоңыр каласының көп бейінді ауруханасы» мен «SENIM» Денсаулық сактау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағымен бірлесіп ағымдағы жылдың 16 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы откізілді. Бұл акцияның мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына оқуға қажетті керек — жарақтарымен, баланың сабаққа баруын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты «Байқоңыр каласының көп бейінді ауруханасы» 32 қызметкерлерінің бірінші сыныпқа қабылданатын балаларына және 15 аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына мектепке кажет құрал — жабдықтар салынған сөмкелерді сыйға тартты. Іс — шара барысында Бас дәрігер Ж.Қ. Әділхан, хирургия бөлімінің меңгерушісі Қ.Е. Нуров және Төретам ауылдық ауруханасының меңгерушісі М.Т.Жусупов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына аяқ басқан балаларға сәттілік тіледі.
Соңынан іс — шара уйымдастырушылары, мекеме жұмысшылары балалармен суретке түсіп, ата-аналар алғыстарын білдірді.
Осындай акция арқасында балалардын мектепке баруға, білім алуға деген ынтасы арта тусетініне шексіз сенеміз.

Добавить комментарий