Соңғы жылдары ел ішінде осындай игі істердің көбейгенін көріп, жүрек жылиды. Әрине, қолында жоқты қолдау, шарасыз қалғанды демеу – жекенің ісі. «Оң қолыңның бергенін, сол қолың көрмей қалсын» дегенді ұстанатындар жасаған қайырымдылығын жасыруға тырысады. Бұл дұрыс та. «Жақсылық қылсаң, жасыр, Жақсылық көрсең, асыр» деген бабалар сөзі осындайда дөп айтылған.
Осылайша Байқоңыр қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер «ABA-MED» ЖШС-нің бас директоры Батимов Галым Ерназарович 02.10.2024 жылы өз бастамасымен 2015 жылдың 16 қарашасында қабылданған «Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізінде ауруханамыздың бас дәрігеріне жазбаша өтініш арқылы 20 дана банкетка жиһазын қайтарымсыз негізге қайырымдылық жасап, сыйға тартты.
Қайырымдылық жасау – әр адамның өз қалауы. Айналасына ізгілік нұрын сепкісі келгендердің әрекеті қандай да бір құқықтық құжатпен шектелмейді. Ал көпшілік бірігіп жасаған қайырымдылық шаралары арнайы заңмен реттелетінін ұмытпауымыз керек. Өйткені, халықтың ұйымдасып, топтасуымен құрылған қайырымдылық қорларының, шараларының барлығының жұмысы барынша ашық болып, қаржылық түсімдердің қозғалысы бойынша нақты ақпараттың көпшілікке берілуі аса маңызды.
Сыйға берілген 20 дана банкетка (орындық) ауруханаға, оның ішіне көрінуге келген науқас азаматтар мен пациентке біршама ыңғай жасайтындығы белгілі. Өз кезегінде аурухана Галым Ерназарович мырзаға алғысын білдіре отырып, зор рахметін айтады.




