Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде

Бүгінгі күні елімізде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылтөмендегі шаралар негізінде жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтау, қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Аталған шаралардың ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау институтына тоқталып өтсем.
Ішкі талдау жүргізу арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметіндегі нормативтік құқықтық актілердегі, сонымен қатар, ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндіктері бар.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою немесе азайту арқылы ішкі талдау жүргізген субъект өзінің қызметіндегі әкімшілік кедергілер мен орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын ала алады.
Аталған ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен жүзеге асырылады.
Аурухана 2025 жылы сәуір айының 23-күні № 78-н/қ. бұйрықты бекітіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде, ұйым қызметкерлеріне ішкі талдау жүргізу механизмі мен тәртібінтүсіндіру бойынша кездесулер, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.
Ішкі талдаудың басты мақсаты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және берілген өкілеттіктердің тәуекелдерінбарынша азайту болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарлай аласыз, қоңырау шалу тегін. Сіздің хабраламаңыз міндетті түрде қаралатын болады.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ ҚМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қызылорда облысыныңденсаулық сақтау басқармасының «Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ ҚМК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жасалатындығын хабарлайды.
Жария талқылау Байқоңыр қаласы, Комаров көшесі № 8 мекенжайда орналасқан Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы (219 бөлім) 26.05.2025 жылы сағат 10:00 де болатындығы жеткізіледі.
Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.

Публичное обсуждение по результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков КГП на ПХВ «Многопрофильной больницы города Байконыр» Управления здравохранения Кызылординской области.
В соответствии с типовым правилам проведения внутреннего анализа коррупционных рисков утвержденное приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года № 12 сообщает о проведении публичного обсуждения по результатам проведенного внутреннего анализа коррупционных рисков КГП на ПХВ «Многопрофильной больницы города Байконыр» Управления здравохранения Кызылординской области .
Публичное обсуждение проводится в Управление здравохранения Кызылординской области по адресу: г. Байконыр, ул. Комарова № 8 (219 кабинет), 26.05.2025 года в 10:00 часов.
Уважаемые граждане приглашаем вас проявить активность и внести свой вклад в выявлении коррупционных рисков.
Талдамалық анықтама 2025 ж.

талдау нәтижесімен жоспар 30.05.25

Добавить комментарий