Құрметті Байқоңыр қаласы және Ақай, Төретам кентінің тұрғындары бізде сенім телефоны іске қосылғанын хабарлаймыз. Сенім телефоны аптасына 7 кун/24 сағат бойы жұмыс істейді. Сенім телефоны арқылы тұрғындар тегін медициналық көмек, амбулаториялық және стационарлық қызмет көрсету, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру және басқа да денсаулық сақтау мәселелері бойынша сұрақтар қоя аласыздар. Одан басқа, Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасының жұмысы бойынша өз ұсыныстарыңызды айтуға және қызмет көрсету деңгейіне алғыс, шағым беруге мүмкіндігіңіз бар.