Аталған шаралардың ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау институтына тоқталып өтсем.
Ішкі талдау жүргізу арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметіндегі нормативтік құқықтық актілердегі, сонымен қатар, ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндіктері бар.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою немесе азайту арқылы ішкі талдау жүргізген субъект өзінің қызметіндегі әкімшілік кедергілер мен орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын ала алады.
Аталған ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен жүзеге асырылады.
Аурухана 2024 жылы ақпан айының 05-күні №56 бұйрықты бекітіп, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде, ұйым қызметкерлеріне ішкі талдау жүргізу механизмі мен тәртібінтүсіндіру бойынша кездесулер, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.
Ішкі талдаудың басты мақсаты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және берілген өкілеттіктердің тәуекелдерінбарынша азайту болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарлай аласыз, қоңырау шалу тегін. Сіздің хабраламаңыз міндетті түрде қаралатын болады.